Тағы бір коронавирус инфекциясының дерегі Алматы облысында тіркелді

dw.com dw.com
Ер адам қажылыққа барып, Сауд Арабиясынан Бішкекке ұшып келген.

2020 жылы 21 наурызда коронавирустық инфекцияның тағы бір жағдайы Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқас қажылыққа барып, Сауд Арабиясынан Бішкекке ұшып келген. Бұл - Алматы облысындағы алғашқы коронавирус бойынша тіркелген факті. Қазір еліміз бойынша 53 науқас анықталды, делінген хабарламада.

Науқастың айтуынша, ол 19 наурыздан бастап өзін жайсыз сезініп, 20 наурызда Қырғауылды ауылының дәрігерлік амбулаториясының қызметіне жүгінген.

Дәрігер оны қарап, ЖРВИ диагнозын қойған соң оны жедел жәрдем тобы Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы бөліміне апарып, жеке палатаға орналыстырды.

Бүгінгі күні 1986 жылғы науқастың жағдайы - орташа, жөтелу, өкпе ысылы жоқ. Одан талдау алынып, COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетті.

Онымен байланыста болған 11 адам анықталды, 4-еуі - отбасы мүшелері, 3-еуі қажылыққа бірге барған адамдар, екеуі - досы. Облыс аумағында онымен байланыста болған адамдар әлі анықталып жатыр, олар бірден ауруханаға жатқызылатын болады.

Жамбыл облысы мен Алматы қаласы бойынша ол адаммен байланыста болғандардың тізімі өңірлік департаменттерге берілді. Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Бүгінгі күні республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша 53 жағдай расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 28, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысының Қарасай ауданында - 1 жағдай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз