Блок-постты айналып өтіп, Алматыдан Талдықорғанға келген әйел ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысында ТЖ режимін бұзған азаматша ұсталды.

Әлеуметтік желі арқылы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығына Талдықорған қаласының 37 жастағы тұрғынының төтенше жағдай режимін сақтамағаны туралы жасырын хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлі күнге дейін азаматтар қауіпсіздік шараларын қолданбай, тосқауыл-бекеттерден түрлі әрекеттермен заңсыз өтемін деп талпынуда. Бұл азаматша да дәл осындай адамдардың қатарында. Азматшаның тосқауыл-бекеттер арқылы Алматыдан Талдықорғанға өту әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін, оның жекеменшік такси қызметімен тосқауыл-бекеттерді айнала өту арқылы төтенше жағдай режимін бұза отырып Талдықорған қаласына келгендігі анықталды. Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы ұсталып, 14 күндік карантинге орналастырылды", - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Тенизбаев.

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармағына сәйкес жасалған әкімшілік материал соттың қарауына жіберілді. Оны тасымалдаған такси жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

"Сонымен қатар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес, яғни төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзғаны немесе талаптарды орындамағаны үшін, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамағаны үшін, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздіктерде) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде ҚР ҚК 379-бабына сәйкес билік өкіліне бағынбаған азаматтарға екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", - деп толықтырды полиция полковнигі Болат Тенизбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз