Дағдарысқа қарсы шараларға жұмсалатын жалпы шығын сомасы 5,9 трлн теңгені құрайды

zakon.kz zakon.kz
Салықтық жеңілдіктер мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов онлайн-брифинг барысында дағдарысқа қарсы қосымша шараларға жұмсалатын шығынның жалпы жиынтығы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға келсек. Салықтық жеңілдіктер мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды, - деді Шолпанқұлов.

Сонымен бірге ол 5,9 трлн теңгенің 2,5 трлн теңгесі бюджеттен тыс қаражат екенін, ал 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен алынатынын атап өтті.

Оның айтуынша, үш бағыт бойынша қаржыландыру қарастырылған.

Біріншіден, экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін 1,2 трлн теңге қарастырылған.

Екіншіден, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға 315,6 млрд теңге бөлінеді.

Үшіншіден, азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындауға 293,3 млрд бөлініп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз