ҚДМБ: Ораза кезінде үйіңізде ауыз ашасыз, Тарауық намаз да үйде оқылады

muslim.kz muslim.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айында мешіттерде, асханаларда және басқа да қоғамдық орындарда көпшілікке ауызашар беруге тыйым салынатынын ескертті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында үйде болуға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, еліміздегі барша мұсылман асыға күткен Қасиетті ай - Ораза 24 сәуірде басталады.

Мешіттерде, асханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ауызашар беруді (ифтар) беруді тоқтата тұруға шақырамыз. Карантин кезінде қоғамдық орындарда, кафелерде және мейрамханаларда жиналуға болмайды, ауызашарды үйде отбасыңызбен бірге өткізуді ұсынамыз. Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек. Мешітте жамағатпен Тарауық намазы оқылмайды. Оны үйде - отбасыңызбен оқуға кеңес береміз, - деді Бас мүфти онлайн-брифинг барысында.

Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі алдағы діни мерекелерде төтенше жағдай мен карантин режимін сақтау туралы еске салған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз