Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та жүрген велосаяхатшы Талғат Жұмабеков Василий Жировпен кездесті

Талғат Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 22:40 Талғат Жұмабеков
Бұл бейресми кездесу болды.

Кезінде атағы әлемге дүркіреген боксшы, "Балқаш жолбарысы " Василий Жиров пен қазақстандық велосаяхатшы Талғат Жұмабеков АҚШ-тың Финикс қаласы – Аризона штатының астанасында кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл бейресми кездесу болды.

Олимпиада чемпионы және кәсіпқой бокстан әлем чемпионы болған біздің Василий Жиров талай жылдан бері Америкада тұрады.

1996 жылғы Олимпиадада топ жарған соң ол кәсіпқой келісімшартқа отырып, Аризона штатына көшіп кеткен болатын.

2009 жылы спорттық карьерасын аяқтап, бапкерлікке бет бұрды. Қазір жас боксшыларды дайындайды.

- Кездесу қызыққа толы болды, - дейді Талғат Жұмабеков. – Тым, қарапайым, өте ашық, мейірімді, ақылды жан екен өзі. Мынау жалған фәни туралы, өмірдің мәні, Құдай мен дін, руханият туралы ойларымыз бір жерден шығады екен. Ол Финиксте тұрады, сол қалада кездестік. Оны көру үшін Финикске арнайы велосипед басын бұрдым. Василий екеуміздің ортақ достарымыз бен таныстарымыз бар. Ол да қуанып қалған шығар деймін, менімен кездескеніне.

Велосаяхатшы Талғат Жұмабеков әлемді жай шарламай, жол бойы видео түсіріп, деректі фильм жасағалы жүр екен. "Балқаш жолбарысынан" сұхбат алу үшін кездесуге барғанын жасырмайды.

"Финикстен дереу Лос-Анжелесе аттануыма тура келді, Америкадағы визамды создырту үшін, өйткені шекаралардың бәрі жабық, әзір мен Америкадан шыға алмаймын, - дейді Талғат Жұмабеков. – Маған бұл мәселеде Василий көмектесіп жіберді, арендаға автокөлік алып берді, сол үшін оған алғысым зор".

Велосаяхатшы деректі фильмі қашан жарыққа шығатынын нақты айтпады. Әзірге түсірген материалдарын өңдеу үстінде екенін жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 22:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 22:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 22:40

Торғын Нұрсейітова

(Суреттерді Талғат Жұмабеков берді)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: