"Молдақасымова қызметіне қайта оралды" деп жұрт шулап жатыр

12 Мамыр 2020, 22:09
Сурет: ҚР ДСМ

18 сәуірде Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылған Айзат Молдақасымова қызметіне қайта оралды деген ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, Айзат Молдақасымова бұл қызметті 2017 жылдан бері атқарған. Оның орнына жақында ғана бұл лауазымға Жандарбек Бекшин тағайындалды.

Бұған дейін Айзат Молдақасымованың қызметіне байланысты бірқатар даулы жағдай болған еді.

Алматы бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келіп, 14 күн карантинге оқшауланған болатын. Одан кейін қалалық Қоғамдық кеңес Айзат Молдақасымованың жиналыстарға қатысып, ашық жүргенін сынға алды.

Кейін бас санитарлық дәрігер Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген кезде дәрігерлердің өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын. Бұл мәлімдемеден соң аурухана қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жаппай наразылық білдіріп, министрге шағымданған. Бұл ахуалды тексеру үшін ҚР ДСМ мамандарынан арнайы комиссия құрылып, комиссия эпидемиологиялық тексеру бастаған еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?