Ауыл бизнесмені Әукенов пен полиция бастығы Кусембаев "Куся" қырқысуда

12 Мамыр 2020, 22:58
Сурет: видеодан кадр

Қазақ халқының әлі көпшілігі қу пендешіліктен әлі арылар емес. Алматы облысындағы Көктал ауылында кәсібін өзгеден қаттырақ/жылдамырақ "дөңгелетіп" жіберген фермер қару-жарақпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кәдімгідей "ұсталып жатқан" Асылбек Әукенов әлгі бір видеода "қаруды мәшинеме маска киген ана біреу салып жіберді" деп шырылдайды. Ұстау мен тінту операциясы "жанрға сәйкес" "маски-шоумен" жүргізілген.

Қарумен "оңбай" ұсталған фермердің Ардақ Байғабыл деген досы журналист екен. Соның берген сұхбатына зер салсақ, кәсіпкер Әукенов шындығында Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Кусембаев деген қазақпен қырқысып қалған.

Әукеновтің сөзінше, Кусембаев бұған "көп сөйлемей ғана 10 мың доллар бере ғой маған" деген. Өйткені 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні Асылбек салған спорт кешенінің жанында жергілікті жігіттер арасында атыс болған. Әукеновті бұл атыстың куәгері емес, арандатушысы қылу тым оңай болып тұр. "Істі жаба салу үшін" доллар төлеу керек екенін қазақша жеткізген.

Ақша дегенде көзі бақшаң ететін Әукеновымыз да ақшасын оңай бере қоятын адам емес. Бірақ "ақша алғыш" Кусембаев мини-Құдай емес пе еді, бұл аймақта: мұндай "отказға" өлсе көне ме? Ұлы орыстың ұлы тіліне көшіп, мынадай сөздермен таптап тастапты:

"Я покажу тебе, кто такой "Куся". В своём родном ауле даже до своего поля, скота не сможешь доехать, я тебе житья не дам. Я подложу тебе книгу религиозного толка или оружие, чтобы засудить тебя по делу об экстремизме".

Анығы, ашық, әділ тергеу керек бұл істе. Анау неғылған адам, мынау неғылған кісі?

Кусембаевтікі жөн бе, әлде Әукенов оңбаған кісі ме? Бәлкім, Асылбек адам шығар, Кусембаев сияқтылар құртып жүр ме қазақтың мемлекетін қазақтың өзімен бірге? Кім білген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ағайын барынша бөліссеңіздер өтініш!!! Рамазан айында осындай сұмдық. Бұл жағдай Жаркент ауданы Көктал ауылында орын алып отыр. Бұл таза беспредел астағфиролла. Тапатал түсте егіндікте жүргенде көлікте отырған Асылбек, оның үлкен ұлы Абылай мен малшы Шалқарды арнайы жасақ құрықтап, дөрекі түрде жала жауып, көлігіне қару-жарақ салып жіберген. Куәгерлер болғанына қарамастан Асылбекті құрықтап алып кетті. Бәріне кінәлі подтосовка жасаған (Начальник отдела криминальной полиции Панфиловского РОП по Алматинской области) Кусембаев Асхат дейді Асылбек досым. Кусембаев Асхат Асылбектен 10 мың доллар көлемінде пара сұраған екен. Айғақ ретінде біздің тарапта полиция қызметкерінің пара сұрағаны жайында бүкіл аудио мен смс жазбалары бар. Осы себептен Асылбектің пара беруден "сыбайлас болмаймын", деп бас тартқаны үшін, нақақтан-нақақ оған жала жабылып отыр. Неткен сұмдық!!! Сонда полиция қызметкеріне жала жабуда көмектеспегені үшін өзіне жала жабылып отыр. Асылбек досым өте әділ, ауылына жаңадан спорткомплекс салған, ауыл жанашыры, ел азаматы, кәсіпкер бауырым. 4 баласы бар, әйелінің аяғы ауыр. Жүкті болып тұрса да полиция жұлқылап мезін шығарды. Ата-анасы бейшара халде қалып отыр. Бұл не болған сұбхан Аллаһ. Мен өз басым бұл мәселеледе соңына дейін барам. Кінәлі, парақор, зақор адамдар табылып жазалануын сұраймын, талап етемін биліктен. @tokayev_online @nur_otan @prok_alm_obl @qriim_mvdrk #АрдақБайғабыл #АсылбекАукенов #Жаркент #панфиловауданы #көктал #коктал #жала #сот #әділетсіздік #пара #взятка #подстава #жалажабу #әділдік #КусембаевАсхат

Публикация от АРДАҚ БАЙҒАБЫЛ (@ardaqbaigabyl) 10 Май 2020 в 4:25 PDT


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?