Омбы облысында қарулы Қазақстан азаматы ұсталды

13 Мамыр 2020, 09:33
Сурет: 24.kg

Қазақстан азаматы аң аулап жүріп, адасып, Ресеймен мемлекеттік шекараны абайсызда заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Табиғи ресурстар және экология министрлігінің мәліметінше, Омбы облысында 6 мамырда қолында тіркелмеген аңшы қаруы бар, жеке басын куәландыратын ешбір құжаты жоқ азамат ұсталды. Кейін оның Қазақстан азаматы екендігі анықталды. Ол Ақжар ауданының аумағында аң-құс аулауға шығып, адасып, Ресейдің мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл факт тексерілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?