Алматыда заңсыз ойынхана табылды

13 Мамыр 2020, 12:06
Сурет: видеодан кадр

Ағымдағы жылдың 4 мамырында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыс нәтижесінде, астыртын ойынхананың қызметі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР “Ойын бизнесі туралы” заңының 11 бабына сәйкес, ойынхана және ойын автоматтарының қызметі, тек Алматы облысы Қапшағай су қоймасы маңында және Ақмола облысы Щучье ауданында ұйымдастыруға рұқсат етілген.

Көрсетілген жерлерден бөлек, аумақтарда ойын бизнесін ұйымдастыруға тыйым салынған.

Алайда, жүргізілген жедел іс-шарасы нәтижесінде, "Нұрлы Тау" тұрғын үй кешінінің пәтерлерінің бірінде, жоғарыда айтылған заңның талаптарын бузу арқылы, астыртын ойынхана ұйымдастыру дерегі анықталды.

Тексеріс барысында, пәтерде ойыншылар мен қызмет көрсетуші жұмысшылар болған және тінту барысында құмар ойынға арналған покер ойынының кейсі, ойын карталары, фишкалар және ақшалай қаражат анықталып тәркіленген болатын.

Сондай-ақ астыртын ойынханаға ұйымдастырушылармен тек тексерілген клиенттер ғана кіретін болған.

Қазіргі таңда аталған айғақ бойынша ҚР ҚК 307- бабына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сол күні ойынханада болған азаматтар, төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін, Алматы қаласы полиция қызметкерлерімен әкімшілік кодексінің 476 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?