Жаңа заң: 21-ге толмағандар дүкеннен темекі сатып ала алмайды

13 Мамыр 2020, 14:08
Сурет: Pixabay

21 жасқа толмаған қазақстандықтар дүкеннен темекі өнімдерін сатып ала алмайды. Мәжіліс депутаттары осындай мазмұндағы тиісті түзетуді қамтитын халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғамда ең көп талқыланатын мәселелердің бірі темекі шегудің алдын алу және шектеу мәселелерін реттейтін нормаларды да қарастырдық. Нәтижесінде, депутаттар енгізген түзетулер бойынша алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салумен ұқсас, темекі өнімдерін сатудың жас шегін 18-ден 21 жасқа дейін арттырды, - деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Сондай-ақ, темекі өнімдерін өндіруші мен импорттаушыға жыл сайын өнімдегі никотиннің құрамы бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуге және зерттеу нәтижелері туралы уәкілетті органға есеп беруге міндеттейтін нормалар енгізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?