Қазақстанда сапасыз вакцинаға салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылады

13 Мамыр 2020, 14:37
Сурет: k1news.ru

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар сапасыз вакциналарға салынатын айыппұлды өсіруді қарастыратын денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа түзетуге сәйкес, адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруі мүмкін вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау және сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудағы әкімшілік айыппұлдар 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласында сараптама жүргізіп, вакциналар сапасын анықтайтын мемлекеттік сараптама ұйымының дәрілік заттарды сараптау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік енгізіліп, айыппұл көлемі 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Ал егер қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаса, әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бере отырып, алынған мұндай дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар тәркіленіп алынады және 200-ден 2000-ға дейінгі аралықтағы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?