Қостанай облысында қап ішінен сүйектері табылған әйелдің өлімі бойынша істің беті ашылды

13 Мамыр 2020, 15:48
Сурет: видеодан алынды

Қостанай облысының полициясы Белоглинка ауылындағы қараусыз үйді тазалау кезінде жылтыр қапшықтан табылған әйел мүрдесінің сүйегіне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен Қарабалық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Белоглинка ауылының 62 жастағы тұрғынын ұстады.

Белоглинка ауылының тұрғыны 2014 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз жоғалып, оған іздеу жарияланған. Полицияға жоғалған қыздың әпкесі хабарласқан. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеді. 2020 жылдың 26 ​​сәуірінде Белоглинка ауылының тұрғыны учаскелік инспекторға қоңырау шалып, қараусыз қалған үйді тазалап жатқанда бөлмелердің бірінен әйел мүрдесі салынған қап табылғанын айтқан. Полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 62 жастағы азаматты ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?