Ауа-райына байланысты екі облыста ескерту жарияланды: бұршақ, дауыл, нөсер...

13 Мамыр 2020, 16:28
Сурет: Pixabay

Қазгидромет еліміздің екі облысы бойынша ауа-райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"14 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 жылдамдықпен үдейді. Жамбыл облысында таулы аудандарда нөсер болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр, ал кей жерлерде 23 метрге жетеді. 14 мамырда Тараз қаласында да нөсер жауын құйып, найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан қатты жел соғады деп күтіледі", делінген синоптиктер болжамында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?