Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 23:42 primeminister.kz
Өскеменде Үкімет басшы Қазақстандағы ірі машина жасаушы және металлургия кәсіпорындарында болды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алтай ауданында Үкімет басшысы "Нивы Алтая" ЖШС-нің егіс алқаптарының құрылымымен және көктемгі дала жұмыстарының барысымен, Тұрғысын СЭС құрылысымен, сондай-ақ Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының инсульттік және кардио орталықтарының қызметімен танысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 23:42

Өскемен қаласында Премьер-Министр ҚР-ның ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарына — Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты мен Өскемен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 23:42

Үкімет басшысы Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысын тексерді. Мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрге жуық 48 үй салу жоспарланған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 23:42

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік-техникалық университетіне барған кезде Үкімет басшысына ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық, оның ішінде импортты алмастыруға бағытталған әзірлемелер ұсынылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 23:42

А. Мамин облыстық балалар ауруханасына барып, онда реанимациялық және операциялық блоктардың жұмысымен, сонымен қатар COVID-19-дан емдеу үшін иммундық плазма бөлу жөніндегі ғылыми жобамен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: