Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда КВИ бойынша ауруханада жатқандардың екеуінің жағдайы өте нашар

Бүгін тағы емделіп, жазылған 50 науқас ауруханадан босатылмақшы.

Сурет : Алматы әкімдігі18 Мамыр 2020, 16:44

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай туралы егжей-тегжейлі айтты. Оның айтуынша, қазір екі науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Әбілдаев бүгінде қалада коронавирус жұқтырған 1 847 науқас тіркелгенін айтты. Кеше КВИ бойынша тағы 46 жағдай анықталды.

Инфекциялық ауруханаларда 929 науқас жатыр, олардың 40-ы - балалар.

Екі науқастың жағдайы - өте ауыр, 22-сі - ауыр жағдайда, 296 науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандары - қанағаттанарлық деңгейде.

Коронавирустан 910 адам емделіп, ауруханадан жазылып шықты. Бүгін тағы емделіп, жазылған 50 науқас ауруханадан босатылмақшы.

Уақытша ауруханаларда 251 науқас бар, олардың алтауы - балалар. 260 адам карантиндік ауруханада, ал 13 087 азамат үйінде оқшауланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер