Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 18:06 azattyq-ruhy.kz
Іріктеу қазақстандықтардың әлеуметтік санаттарымен емес, нақты табысы бойынша жүргізіледі.

Табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 3 күнкөріс минимумынан аспайтын азаматтар "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспана ала алады, деп мәлімдеді үкіметтегі брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ал табысы төмен, 1 күнкөріс минимумына дейінгі, әр отбасы мүшесіне 31,2 мың теңгеден келетін азаматтар арендалық баспана алады. Табысы 2 күнкөріс минимумына немесе 62,4 мың теңгеге жететіндер баспананы 2-10-20 деген "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ала алады, - деді министр.

Министр айтқандай, бұл жердегі басты идея – баспанасы жоқ әрбір қазақстандыққа баспананы өз табысына сай талаптармен алуға мүмкіндік беру.

Іріктеу қазақстандықтардың әлеуметтік санаттарымен емес, нақты табысы бойынша жүргізіледі. Мәселен, табысы 3 күнкөріс минимумына жететін немесе әр отбасы мүшесіне 96,7 мың теңгеден келетін азаматтар "5-10-20" бағдарламасымен баспана алады. Ал табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 күнкөріс минимумынан асатындар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасына қатысады, деді Атамқұлов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: