Жаңалықтар тізбегі
0

"Тұрғанымызға екі сағат болды...". Алматының кіре берісінде ұзын-сонар көлік кептелісі

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 20:51 видеодан алынды
Полициядағылар тексеру жұмыстарына көлік жүргізушілерінің түсіністікпен қарауын сұрады.

Алматының кіре берісінде ұзын-сонар кептеліс. Полиция көліктердің бұл кептелісі карантин режимінің жұмсартылуымен байланыстырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Алматының кіре берісінде ұзын-сонар тізілген көліктердің кептелісі түсірілген видео пайда болды. Кейбір қолданушылар кептелісте тұрғандарына екі сағат болғанын жазуда, ал басқалары қарама-қарсы жолақтың да кептеліп тұрғанын айтуда.

Боралдай ауылы мен Момышұлы көшесінің арасындағы жолдарда блок бетондар тұр, бірақ бұл жерде ешқандай бекет жоқ. Осы бетондар алынып тасталмағандықтан, екі бағытта да үлкен кептелістер пайда болуда, - дейді куәгерлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Такого ещё никогда не было ????‍♂️

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ???????? (@kris_p_almaty)

Алматы полициясы бұл кептелісті карантиндік режимді қалпына келтіру шарасымен байланысты екенін хабарлады. Кейбір азаматтар төтенше жағдай мен карантинді шатастырады, төтенше жағдай аяқталды, демек қалаға кіре беруге болады деп ойлайды немесе шыққысы келеді. Бірақ, тағы ескерте кетейік, карантин режимі әлі жойылған жоқ. Блок-бекеттерден Шұғыл штабтың арнайы тізімге енгізген азаматтар ғана өте алады, - деді Алматы қаласы полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Кептелісте тұрып, жолдың қарама-қарсы бетке шыққан көлік жүргізушілері әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: