Жаңалықтар тізбегі
0

"5-10-20" бағдарламасына баспана кезегінде тұрғандар қатысады

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 17:45 azattyq-ruhy.kz
Қатысушылар "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес, санаттар бойынша баспанаға мұқтаждар есебінде тұратын азаматтар болуы тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында үй алуға кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған "5-10-20" жаңа жобасын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пилоттық жобаға қатысушылардың дәрежесі анықталды, олар – баспанаға мұқтаждар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар.

Сонымен қатар, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ негізінде "Отбасы банк" даму және қолдау ұлттық институты құрылып, баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі Орталық функцияларын жүзеге асырады.
Оның басты идеясы мынада: меншігінде баспанасы жоқ әрбір қазақстандық Орталыққа хабарласып, өз табысына қарай қолжетімді баспана алуға мүмкіндік алады. "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін" "Отбасы банк" етіп қайта құру шаралары аяқталған соң азаматтарды санаттары емес, нақты кірістеріне қарай іріктеу жүргізіледі.

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (32 668 теңге) азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады.

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (65 336 теңге) азаматтар "Бақытты отбасы", "2-10-20" сияқты бағдарламалар бойынша 2% несиемен баспана ала алады. Қойылатын талаптар:

Қатысушылар "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес келесі санаттар бойынша баспанаға мұқтаждар есебінде тұратын азаматтар болуы тиіс.

"Алтын алқа" , "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапатталған немесе "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденін алған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

Толық емес отбасылар;

Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар.

Басты талаптары:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Соңғы 6 айға еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуы (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдары есепке алынбайды);
Некенің бұзылғанына 3 жыл болуы (толық емес отбасылар үшін);
Төлемқабілетін растау;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес ЖАО-да баспанаға мұқтаждар есебінде тұрғанын растау.

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (96,7 мың теңге) тұрғындар жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана алады.

Пилоттық жобаға қатысушылар ЖАО-да баспанаға мұқтаждар есебінде тұратын азаматтар болуы тиіс. Сатылатын баспанаға ЖАО кезегінде тұрғандардан берілген өтінім жетпей қалған жағдайда "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" ішкі құжаттарына сәйкес баллдық жүйені қолданбай іріктеу жасайды. Оның ішінде ЖАО кезегінде тұрмаған Банк салымшылары арасында жүргізіледі.

Басты талаптары:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Соңғы 6 айға еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуы (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салағы және өзге де міндетті аударымдары есепке алынбайды);
"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес ЖАО-да баспанаға мұқтаждар есебінде тұрғанын растау.
Төлемқабілетін растау.

Баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынған дайын тұрғын үй объектілерінен де, жеке салушылардан да сатып алуға болады.

Қарыздың ең көп сомасы республика өңірлеріндегі жеке салушылардың бастапқы баспана бағасына қарай анықталады: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және қала маңындағы аймақтар үшін 18 млн. теңгеден, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалалары және Қарағанды облысы үшін 15 млн. теңгеден, қалған өңірлер үшін 12 млн. теңгеден аспауы керек.

Әкімдіктер салатын кредиттік тұрғын үйлер бойынша 1 шаршы метрі үшін келесі өлшемдер бекітілді: Алматы қаласында – 240 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңындағы аймақтарда – 220 мың теңге, Шымкент қаласында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда – 200 мың теңге, Ақтөбе, Атырау, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында – 180 мың теңге, қалған өңірлерде 160 мың теңгеге дейін болады.

Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлемінен жоғары тұрғындар 2-деңгейлі банктердің "7-20-25", нарықтық ипотека бағдарламаларына қатыса алады.

Жергілікті атқарушы органдарда баспанаға кезектің қазіргі тізімінде тұрғандарға үй бөлу оларды толықтай баспанамен қамтамасыз еткенге дейін жүргізіле береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: