Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте шу шығарған жедел жәрдем шопырларына 125 мың теңгеден бөлінді

Отырар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 21:21 Отырар
Шопырларға 125 мың теңге, фелдьшерлерге 25 мың теңге, санитарларға Халық банктен 40 мың теңге бөлінді.

Шымкенттегі жедел-жәрдем қызметкерлері мен стерилизация орталығының мамандары үстемақыны толық алмай келген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді. Тіпті, стерилизация орталығының ақ халаттылары осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі не қосымша ақы, не жәрдемақы, не үстемақының көлеңкесін де көрмеген. Бүгінде ақыдан қағылған қызметкерлердің басшысы жұмыстан кетті, деп хабарлайды Отырар.

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:

- Залалсыздандыру орталығының бас дәрігері жұмыстан шығарылды. Себебі ол осы уақытқа дейін қол астындағы қызметкерлеріне жалақыдан өзге ақы бермеген. Медицина мамандары не үстемақы, жәрдемақы, не қосымша ақы алмаған. Мұның барлығы да арнайы комиссия құрылып, өткізілген тексеруден кейін анықталды.

Айта кетейік, бұл былықтардың барлығы өткен аптада жанайқайын жеткізген жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығынан соң ашылды. Арнайы құрылған комиссия олардың да арызы бекер емес екенін анықтады. Енді оларға толық жетпеген үстемақы тағы да үлестірілетін болды. Ал, заңсыздыққа жол берген жауаптылар жауапсыз қалмайды деп сендірді Ербол Садыр.

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:

- Жедел-жәрдем қызметкерлерінің мәселесінде, ешқандай заңсыздық анықталған жоқ. Тек олардың шақырылымға шыққандағы санақ дұрыс есептелмеген екен. Оның барлығы қайта қаралып шықты. Анықталғандай, шопырларға 125 мың теңге, фелдьшерлерге 25 мың теңге, санитарларға Халық банктен 40 мың теңге бөлінді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: