Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қос шенді су желісінің күрделі жөндеу жұмысына бөлінген 2 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді

Олар кейін шешіп алу үшін көрсетілмеген қызметті көрсетті деп жазып, жеке кәсіпкердің аффилиирленген банк шотына ақша аударған.

Сурет : novostipmr.com21 Мамыр 2020, 16:49

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері мен салалық мекеме бөлімшесінің басшысы 2 миллион теңгені жымқырды деп күдікке алынды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шу облысы әкімдігі департаменттерінің бірінің басшысына және осы департаменттің құрылымдық бөлімшесінің директорына қатысты Шу облысының елді-мекендерін сумен жабдықтау желілерінің күрделі жөндеу жұмысына арналған 2 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс тергелуде, деп мәлімдеді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеуніктер кейін шешіп алу үшін көрсетілмеген қызметті көрсетті деп жазып, жеке кәсіпкердің аффилиирленген банк шотына ақша аударған.

Сонымен қатар тергеуші Шу облысы әкімдігінің аталған бөлім бастығы пара алды деген күдікке ілініп отырғанын да айтты.

Оларды ұстау кінәләрін толық мойындауларына және күдіктілердің қылмыстық қудалау органына өз бетімен келуге міндеттеме алуына байланысты жүргізілген жоқ, - деп атап өтті брифинг барысында ол.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 146 сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді, 5 лауазымды тұлға ұсталды, 6 адамға қатысты "ұстау" санкциясы берілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер