Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Руханият Туған жерден бастау алады

Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуында, білім-ғылымға баса ден қойып, дамуға кедергі келтіретін таптаурынды әдеттерден арылуда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының берері мол.

Сурет : 2.bp.blogspot.com15 Мамыр 2020, 18:36

Ғаламзаттың жаратылысы тылсымға толы. Сонау ерте замандарда егіншілікпен айналысып, мал бағып, соған орай феодалдық дәуірдің салтанат құрып, адамзаттың қожалық ету, басшы болу, жер иеліктерін бөліске салу сынды идеяларды түйсінуі өркениеттің нәтижесінде дамып, қазір бар мемлекеттердің шекалары солайша шегенделетіні туралы сіз ойлап па едіңіз?..

Сол шекарасы бекіген аймақтарға рұқсатсыз басып кіру, оның малына көз салу, егінін оруға тыйым салынып, адамдар өз жерлеріне иелік ете бастаған кезеңнен-ақ туған жер, Отан ұғымдарын ақыл-санадан бұрын жүрек төріне орната білді. Бұл эмпирикалық сезімдердің адам бойында кең құлаш жайғаны сонша, бәріне ортақ Жер-Ананың топырағынан өніп-өскен адам баласы Отаны үшін асқан ерліктерге барып, өзіне түсініксіз қазір біз кіндік қаны тамған жерге махаббат деп атап жүрген тылсым сезімнің шарапатына кеңістіктің нүктесіне қойылғанша ие болды. Мұнда қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың

Уа, дариға, алтын бесік туған жер

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай тасың болсам мен егер, - деген жыры еске салатындай-ақ.

Содан бері құс қанат ғұмырлар сырғып өтіп, туған жерге деген ыстық сезімнің бұғанасы беки түсті. Әсіресе, егемендікке деген күресте бұл анық көрінді. Себебі туған жерге деген ыстық махаббаттың шырқау шегі еркіндікпен өлшенген еді.

2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланды. Елбасы өз мақаласында жақын болашаққа қатысты ойларымен бөлісіп, прогрессивті мәдениет құру, Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы, білімге басым мән беру т.б басты миссияларды басшылыққа алып, рухани дамудың бірнеше бағытын айқындап берді. Соның бірі – «Туған жер» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның басты бағытының бірі ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы білім беру саласында өлкетану бойынша кең көлемді жұмыстардың жүргізілуі, экологияны жақсарту, елді-мекендерді абаттандыру, жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштерді, нысандарды қалпына келтіру екенін алға тартты. Қазақтың жері талай тарлан тарихтың куәгері екені анық. Әлі күнге дейін толық зерттелмеген аймақтарымыз бар. Қазақстанның қай аймағы болмасын тарихтың сарқынщағы іспетті, тарихи және мәдени ескерткіштердің көнеден келе жатқан көзі де көп. Осы орайда Түркістан қаласының облыс статусын алуын ерекше атап өткен жөн. Бұл бастаманы 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтеріп, оның жарлығымен Түркістан ресми облыс статусын алды, ал миллион тұрғыны бар Шымкент қаласы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының қатарына қосылып, елдегі үшінші маңызы бар қала атанды. Міне, 2018 жылдан бастап түркі дүниесінің бесігі саналатын Түркістан қаласы қарышты даму жолына түсті. Бүгінде тарих пен заманауи колоритті бір бойына ұштастырған шаһар Қазақстанның туризм саласындағы да жетекші қала болып келе жатыр. Сондай-ақ өлкетану бойынша да археологиялық қазба жұмыстары, тың тарихты тану бойынша қолға алынған шаралар бар. Әсіресе, Түркістан қаласында орналасқан Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи бабаларымыздың кесенелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өзге де тарихи маңызы бар нысандар қалыпты бақылаудан өтіп отырады. Ал әр аймақтың экологиялық жай-күйі, тазалығына қатысты да отандастар қарап жатқан жоқ. Мәселен, «Біз таза қала үшін» ұранын негізге алған республикамыздың бірнеше қаласында тазалық акциялары өтіп тұрады, жыл сайынғы ауқымды сенбіліктер, көшет отырғызу сынды іс-шаралар да жолда қалып жатқан жоқ. Экологияны сақтау, табиғатпен үндестікте болуға қазақстандық жастардың сондай құлшыныс танытуы құптарлық бастама.

Тағы бір атап өтерлігі Елбасы өз мақаласында әлемнің басқа түкпіріне көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келетін кәсіпкер, зиялы қауым өкілдері мен жастарға да қолдау көрсету керек екендігін атап өткен еді. Әрі шетелде тарыдай шашылған қазақтың Отанға оралып, елге оралған қандастарымызға қолдау көрсету керектігі туралы да айтты.

Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өзім жетекшілік еткен «Қиырдағы қазақтар» жобасының да мақсаты осы бағытпен үндес еді. Ұлттық сана мен төл тарихты жаңғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың шынайы өмірін көрсету мақсатын көздеген жоба Ресейдің Астрахань, Моңғолияның Ұлан-Батыр, Өзбекстанның Ташкент, Тәжікстанның Душанбе қаласындағы, Иран Ислам Республикасының Теһран, Ресейдің Түмен облысындағы қазақтардың өмірін көрсетті. Жобаға көрермендер тарапынан қызығушылық мол болды. Бұл әлбетте көңіл қуантады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының осындай ауқымды шараларды қолға алуға мүмкіндік бергені және сол жобалардың біріне өзімнің жетекшілік еткенім іштей стимул берді.

Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуында, білім-ғылымға баса ден қойып, дамуға кедергі келтіретін таптаурынды әдеттерден арылуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының берері мол. Адамның өз туған жеріне, Отанына, ұлтына деген махаббаты ерек-ақ. Десе де адамзаттық санамен ойлау деңгейіне жету бойдағы қысаң ұлтшылдық, трайбалзим, жік-жікке бөліну, өз аймағын өзге аймақтан биік санау, кімнің диалектісі дұрыс, кімдікі бұрыс, бұл өңір басқа өңірден қарағанда «жақсырақ» сынды ұлттық бірізділікке селкеу түсіретін әрекеттерден ада болу үшін де маңызды. Бұл орайда Қазақстанның эволюциялық дамуы, өркениетті елдермен иық теңесуі өте керек. Елбасы айтпақшы қазір бой емес, ой жарыстыратын заманда жан-жақтан түрлі ықпалдардың да барын жоққа шығара алмайсың. Десе де ғылым мен білімді басшылыққа алып, өз ұлтының рухани жаңғыруында адал да, әділ азаматтардың еңбектенуі, олардың талпынысы еленіп, ұлтының дамуына қосқан үлесі халқымен бірге жасасқаны нағыз бақыт. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деген ұлт даналығы да осыған сайса керек.

Олжас БЕРКІНБАЕВ


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер