Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында малшының үйінен басы кесілген екі әйелдің денесі табылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 15:25 Pixabay
Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданның тұрғындары екен.

Жамбыл облысында полицейлер бірнеше күннен бері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні іздеп, таба алар емес. Күдікті екі адамды айуандықпен бауыздап, өзі бой тасалаған. Қашып кеткен қаныпезер Өзбекстан азаматы екені анықталды. Ал марқұм болған әйелдің бірі көрші қожалықта аспазшы болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

- Екі адамды аяусыз ажал құштырған қанды қылмыс мына мен тұрған шаруа қожалықта болған. Дәл қазір қолымызда ресми ақпарат жоқ. Алайда, ауыл тұрғындарының айтуынша Өзбекстан азаматы осы үйдің жылқысына қарап, жан бағып жүрген жалдамалы жұмысшы екен. Ол жымысқы ойын мына екі бөлмелі үйдің ішінде жасаған. Қазір үйдің ішіне ену мүмкін емес, себебі есігі құлыптаулы. Ал қора-қопсық қаңырап бос тұр.

БЛИЦ:

- Анау таудың етегінде 7-8 шақырым арыда осындай өлтіріп кетіпті. Басын кесіп кетіпті қойшының үйіне келген екі әйелдің деп естідік.

- Естігенім сол екі әйелді өлтіріп кетіпті деді. Бауыздап өлтірген дейді. Сөйтіп мәйітті жасырған ба? Мәйітті білмеймін тапшанның астында жатты дейді ғой.

Қанды қылмыс дүйсенбіде болған. Марқұм болған екі азаматшаның бірі көрші шаруа қожалықта аспазшы болып жұмыс істепті. Ал, екіншісі сол күні құрбысына ілесе келген. Естігенде есеңгіреп қалдық деген елдің айтуынша әйелдердің аяқ-қолы байлаулы күйінде бауыздалған. Қанды қылмыс өткелі үш күн өтсе де полиция күдіктіні таба алар емес.

Әнуар КӘРІПСЕЙТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

- Екі әйелдің мәйіттері табылды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Екі қолын қанға бояған қаскөй қылмысын жасап болған соң қорадағы атына мініп, қаша жөнелген. Ол бірден ауылға қарай беттеген. Алайда оны жолда ешкім көрмепті. Ал астына мінген аты теміржол етегінен табылып отыр. Тәртіп сақшылары қылмыс болған күннен бастап іздестіріп жатқандарын айтады. Алайда естіген, көрген, білгендер болса хабар беруін сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: