Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

1 маусымнан бастап киім-кешек базарлары ашыла бастайды

Ашылуға дайындық деңгейін міндетті түрде бағалаудан кейін ғана нысандардың ашылатыны-ашылмайтыны нақты белгілі болады.

Сурет : penzavzglyad.ru22 Мамыр 2020, 17:20

Алматыда жабылған базарларды ашу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың карантиндік шараларға дайындық деңгейіне байланысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин арнайы брифингте 25 мамырдан бастап карантин жарияланған кезден бастап жабық тұрған азық-түлік пен әмбебап базарларға қатысты шектеулерді алынуы жоспарланып отырғанын айтты. Бірақ, әзірге олардың тек азық-түлік бөлігіне ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысы 1 маусымнан бастап қайта жанданады деп жоспарлануда.

Ашылуға дайындық деңгейін міндетті түрде бағалаудан кейін ғана нысандардың ашылатыны-ашылмайтыны нақты белгілі болады.

Бағалау жасау үшін өтініштер күн сайын мына байланыс желісі арқылы қабылданады (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ электронды пошта арқылы (объектілер орналасқан жерде) Infoalmaly@mail.kz - Алмалы ауданы , Infoauezov@mail.kz - Әуезов ауданы, Infobostandyk@mail.kz - Бостандық ауданы, Infozhetysu@mail.kz - Жетісу ауданы, Infonauryzbay@mail.kz - Наурызбай ауданы, Infoturksib@mail.kz - Түрксіб ауданы.

Сонымен қатар, облыстан келетін қызметкерлерге қалаға кіруге және шығуға рұқсат етілгенін хабарлаймыз. Қалаға кірудің міндетті шарты - олардың деректерін almaty.infokazakhstan.kz мәліметтер базасына енгізу. Бұл тіркеу нысандардың жұмысына рұқсат берілгеннен кейін мүмкін болады, - деді Оразалин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер