Теңіз кенішінде тағы 28 жұмысшыдан коронавирус анықталды

26 Мамыр 2020, 11:57
Сурет: strategy2050.kz

Өткен тәулік ішінде облыста коронавирус инфекциясының 32 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде Теңіз кен орнының 28 жұмысшысы бар. Инфекция 21 ер адам мен 7 әйелден міндетті скрининг кезінде анықталды.

Тағы төрт оқиға - Құрманғазы ауданының 1962 және 1977 жылғы екі тұрғынынан, 1968 жылы туған Құлсары қаласының тұрғынынан және 1995 жылғы Мақаттың қызынан анықталды, - деді Шұғыл штабтағылар.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, алгоритм бойынша оларға ем-дом жүргізіледі. Инфекция ошақтары және байланыста болған адамдар шеңбері анықталды.

Бүгінгі таңда аймақта КВИ-мен ауыратындардың саны 923 адамды құрайды. Емделіп, сауыққан адамдар саны - 233.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?