Ақтөбеде 16 жастағы қыз жоғалып кетті

26 Мамыр 2020, 14:27
Сурет: polisia.kz

25 мамыр күні сағат 11-00-де жанжалдан кейін үйден кетіп, колледждің 1 курс студенті 16 жастағы қыз қайтып оралмаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға “102″ телефонына 1972 жылы туған қыздың әкесі жүгінді. Әкесі 2003 жылы туған Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың 25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты, делінеді Polisia.kz сайтында.

Белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, ұзын шашы қоңыр түсті, бетінде секпілдер бар; үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар киген, аяғында ақ түсті кроссовка. Өзімен бірге ұялы телефоны болған жоқ. Үйден бұрын соңды кетпеген.

Жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындарды 8776 546 66 66 немесе “102″ телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?