Елбасы Әбу-Дабидың тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

26 Мамыр 2020, 17:55
Сурет: turkystan.kz

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бірін-бірі күллі ислам әлемінде кеңінен мерекеленетін Ораза айт мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян коронавирс эпидемиясына қарсы күреске бағытталған екі ел үкіметтерінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін преспектива мен әлеуеттің зор екендігін атап өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?