Вагон-цистернаға мініп, фотоға түспек болған Шу тұрғыны қатты күйік алды

26 Мамыр 2020, 21:25
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Пойыздың вагон-цистернасына мініп, фотоға түспек болған Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны жазатайым оқиғадан қатты күйік алды, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Темір жол – аса қауіпті аймақ екені баршамызға белгілі. Осыны әркім есінде сақтауы қажет. Десек те, теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері әлі орын алуда", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

О.Бекеевтің айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері темір жол төсемінің белгіленбеген жерлерінен өткен 9569 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, адамдардың болуымен байланысты поездарды шұғыл тежеудің 184 фактісі тіркелген. Оның ішінде ағымдағы кезеңде темір жол көлігімен жарақат алудың 44 фактісі тіркеліп, өкінішке орай оның жартысынан көбі өліммен аяқталған.

Мәселен, ағымдағы жылдың 24 мамырында Шу қалалық ауруханасының қызметкерінен жедел медициналық жәрдем бригадасымен электрокүйікпен қабылдау бөлмесіне жас ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында полицейлер зардап шеккен азаматтың Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Аталған азамат 24 мамыр күні сағат 20.30-да Шу станциясының 32-ші тақ паркінің электрлендірілген жолындағы жүк поезының құрамында тұрған вагон-цистернаға ффотосуретке түспекші болып, өрмелеп шыққан.

Нәтижесінде ол 50% дене және аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ дәрежелі электротермиялық күйігін алды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігі, яғни, темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Темір жолдар – жеке қауіпсіздік талаптарын сақтаған азаматтар үшін қауіпті емес. Әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын толық орындауға міндетті. Бұл өз денсаулығы мен өмірі үшін өте маңызды", - деді полиция полковнигі.

Сондай-ақ, еліміздің бас көлік полицейі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарынан жазғы демалыс кезінде олардың қауіпсіздігіне барынша көңіл аударуларын сұрады. Балаларымен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды темір жолда қараусыз қалдырмау қажеттігін нықтап айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?