Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге "Достық" орденін табыстады

27 Мамыр 2020, 15:30
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мамин Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыстады.

Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?