Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі

27 Мамыр 2020, 16:36
Сурет: zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блок-бекеттегі көлік апаты салдарынан қайтыс болған екі полиция қызметкерінің отбасыларына пәтер бөлінетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкім қаза болғандардың туыстарына тағы бір мәрте көңіл айтты. Ол бұл қайғылы жағдайдан әкімдік тысқары қалмайтынын, зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге дайын екенін атап өтті.

"Қазір екі пәтер біздің кәсіпкерлердің қолдауымен қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына беріліп жатыр. Сондай-ақ туыстары көтерген барлық мәселелер бойынша қаржылай қолдау көрсетіледі", - деді ол.

25 мамырда Алматыда мас жүргізуші блок-бекетке асқан жылдамдықпен баса-көктеп кірді. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, 1994 жылғы Дастан Әбдіқанов ауруханада қайтыс болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?