1 маусымнан бастап екі апта бойына Алматыдағы Түріксіб ауданында ыстық су болмайды

28 Мамыр 2020, 09:58
Сурет: alau.kz

Маусым айының бірінші жартысында Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, ыстық су мына тұрғын үйлерде болмайды: Сүйінбай - Щелково, Элеватор - Щелково: 1-5 маусым аралығында; "Спартак" - Р.Сорге, Сауранбаев - Ақан сері, Нұрсая - Қостанай, Спасская - Клара Цеткин: 1 мен 12 маусым аралығында; Коминтерн - Монтажная, Майлин - Баймағамбетов: 1-15 маусым аралығында, - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Сондай-ақ Лев Толстой, 6В, Мелкомбинат көшелері, № 85 мектеп пен Жас Қанат ықшамауданы қазандықтарында су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметтеріне уақытша шектеулер енгізілді.

"Алдағы жылыту маусымына қалалық жылу кешенін даярлау жоспарланған шаралар күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру және тұтынушыларға беру процестеріндегі қауіптерді азайту үшін қажет. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз!", - делінген компанияның хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?