Алматыда КВИ жұқтырудың тағы 25 жағдайы анықталды

28 Мамыр 2020, 10:05
Сурет: inbusiness.kz

Алматыда коронавирус инфекциясының 25 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

27 мамырда қалада коронавирус жұқтырған 25 адам тіркелді. Оларға ПТР зерттеулерінің нәтижелері бойынша диагноз қойылды. 8 науқас профилактикалық тексеруден өту кезінде, 12-сі байланыс шеңберінен анықталған, тағы біреуі басқа елден келген, 4-еуі жұмыс орнынан анықталды. Олардың барлығы қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Дезинфекция шаралары індет ошақтарында жүргізіледі.

27 мамырдағы мәлімет бойынша, қалада 2 378 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді, оның 1 345-і емделіп, жазылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?