Блок-бекеттер заңсыз тұр ма?

28 Мамыр 2020, 15:53
Сурет: facebook.com

Заңгер Жангелді Сулейманов ой тастап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол былай дейді:

1. Конституцияның 21 бабы заңда бөлек көзделген жағдайлар болмаса, ел ішінде еркін қозғалуды қарастырады.

2. Конституцияның 39 бабы бойынша, адам құқықтары тек заңмен шектеле алады.

3. Бұл деген – қозғалыс құқығы заңмен ғана шектеледі.

4. Блок-бекеттер қозғалысты шектейді.

5. Президенттің ТЖ туралы жарлығында блок-бекеттер туралы бір сөз жоқ.

6. Оның үстіне, Президенттің Жарлығы заң емес, сосын ТЖ 11 мамырда аяқталған.

7. Санитарлық дәрігер мен жедел штабтың қаулылары да заң емес.

8. Бұдан шығатын қорытындымыз сол – блок-бекттер заңсыз.

9. Өзі заңсыз нәрсе болғаннан кейін оның ұйымдастырылуы да жөн-жосықсыз жасалып, бардак туғызып жатыр.

Ең жаманы, шенеуніктер заң бұзып жатыр, қоғам үндемейді, дейді заңгер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?