Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда ауруханада ес-түссіз жатқан отандасымызға әлі нақты диагноз қойылған жоқ

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 15:47 24.kz
Қаржыдан қиналған ата-ана жергілікті кәсіпорыннынң бірінен көмек сұрап отыр.

Қытай циркінде жұмыс істейтін отандасымыз он күннен бері хал үстінде жатыр. Дәрігерлер науқасқа нақты диагноз қоя алмай отыр. Отыз сегіз жастағы Максим Кисленко Рудный қаласының тумасы екені белгілі, деп хабарлайды Астана ТВ.

Ат үстінде акробаттық трюктер орындайтын Максим Кисленко Гуанчжоу циркінде жұмыс істейді. Әйелі екеуінің Қытайға қоныс аударғанына тоғыз жылдан асты. Денсаулығы күрт нашарлаған Максим ауруханаға мамырдың жетісі күні түсіпті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Сергей КИСЛЕНКО, ӘКЕСІ:

- Қанын тазартқан соң, бүйрегі мен жүрегі жақсарды.Өкпесі нашар. Жасанды демалу апаратымен жатыр.Өз бетінше тыныстай алмайды. Комда жатыр. Соңы не болатынын ешкім білмейді. Неден болғанын да ешкім айта алмайды.

Максим Кисленко Алматыдағы цирк училищесіне оқып бітірген. "Спортты жаны сүйетін Максимнің денсаулығы бұған дейін еш сыр бермеген", дейді анасы. Қас қағым сәтте ес-түссіз халге түскеніне туыстары алаңдаулы.

Валентина КИСЛЕНКО, АНАСЫ:

- Бала кезінен спортпен шұғылданды. Ешқашан ауырған емес. Неліктен кенет ауырғанын білмейміз. Әуелі әйеліне жағдайым нашарлап кетті деген. Ертеңінде ес-түссіз жағдайда түсіп,ауруханаға жеткізілген. Бізге өте қиын болып тұр.

Бала кезден өнерге құштар,спортқа бейім Максимнің ем-домына қомақты қаражат қажет болғандықтан осындағы бір бөлмелі пәтерді сатып, ақшасын Қытай жаққа аудардық дейді,- ата-анасы. Хал үстінде жатқан отандасымыздың медициналық сақтандыру құжаты бар. Алайда оның ақшасы ауруханадан шыққан кезде ғана төленетін көрінеді. Оның өзі шығынды толықтай жаппайды. Ал, ауруханаға күніне 1,5 мың АҚШ доллары қажет. Қаржыдан қиналған ата-ана жергілікті кәсіпорынның бірінен көмек сұрап отыр.

Данияр СӘБИТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Максимнің отбасы мүшелері, әкесі мен анасы кезінде осы кәсіпорында еңбек еткен. Оның бауыры әлі күнге дейін "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамында жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы қаржылай демеу көрсетеміз деп отыр.

Сыртқы істер министрлігі сырқат отандасымыздың жағдайынан хабардар. Науқас реанимациядан шығып, беті бері қарағанда елге қайтаруды қарастырлып отыр. Жағдай Қытайдағы қазақ дипломаттарының бақылауында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: