Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы Семейден анасын тапты

29 Мамыр 2020, 11:47
Сурет: facebook/asia.berge

Америкалық Асия Бергер өзінің Қазақстандағы туған анасын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мен туған анаммен қайта қауыштым және біз өте қуаныштымыз! Көмектеріңіз үшін бәріңізге рахмет !!!", - деп жазды бойжеткен Facebook-тегі жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда әлеуметтік желілерде америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған. Қыз 2000 жылы Семей қаласында дүниеге келген, 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алып, Асия Бергер деген аты-жөн берген. Жаңа отбасында оның бір әпкесі мен бір сіңлісі бар, ол - үйдегі ортаншы қыз. Қазір ол Флоридада тұрады және колледжде оқиды. Оның туған кездегі аты-жөні Салтанат Ашқынова болған екен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?