Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда 8 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 17:54 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жыл басынан бері темір тұлпарын ішімдік ішіп басқарудың 46 дерегі әшкереленді.

Облыс орталығының патрульдік полицейлері жол жүру тәртібін сақтамаған жүргізушілерге жыл басынан бері 7937 әкімшілік хаттама толтырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жазаның қатаңдатылғанына қарамастан, көлікті масаң күйде басқарған жүргізушілер саны азаяр емес. Жыл басынан бері темір тұлпарын ішімдік ішіп басқарудың 46 дерегі әшкереленіп, тиісті шаралар қабылданды. Көлік әйнегіне қараңғылағыш пленка жапсырғаны үшін 350 хаттама толтырылды. Тиісті құжаттары болмаса да көлік басқарған 320 жүргізуші ұсталды. Қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 429 тұлға айыппұл арқалады", - деп атап өтті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Қазіргі таңда қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы шаралар өткізілуде. Жол ережесін бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң әкімшілік жазалар қолданылуда.

"Жаяу жүргіншілер де көлік жүргізушілері сияқты жол қозғалысының қатысушылары, яғни олардың да жол жүру ережелерін қатаң сақтауы талап етіледі. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту – жаяу жүргіншілер арасында ең көп кездесетін құқық бұзушылық. Оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. осыған орай, жыл басынан осындай 516 жаяу жүргіншіге жол жүру ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - деп толықтырды полковник Асқар Нұрсапа



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: