Жаңалықтар тізбегі
0

Әділет министрлігі қос азаматтығы бар адвокатты лицензиясынан айырды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 18:02 inbusiness.kz
Е.Газымжанов бірінші сатыдағы соттың осы шешіміне апелляциялық шағым берген.

ҚР Әділет министрлігі Ерлан Газымжановтың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының қолданысын тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұдан бұрын Қылмыстық-процестік кодексті, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңды және Адвокаттардың кәсіби этика кодексінің нормаларын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Е.Газымжановты лицензиядан айыру туралы Министрліктің талабын сот қанағаттандырды.

Е.Газымжанов бірінші сатыдағы соттың осы шешіміне апелляциялық шағым берген.

Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау барысында Е. Газымжановта Ресей Федерациясының азаматтығы бар екендігі туралы ақпарат Әділет министрлігіне белгілі болды. Қазақстанның азаматтығын алуға дейін өтініш бергенге дейін Газымжановта тегі басқа – Махмутов болған.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы тіркелген. Өз кезегінде, бұл адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны тоқтатуға әкеп соғады. Алайда, азаматтықтан айырылуына байланысты лицензияны тоқтату соттың емес, Әділет министрлігінің айрықша құзыретіне жатады.

Осы жағдайларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер жөніндегі алқасы Е. Газымжановтың іс-әрекеттерінде өрескел бұзушылықтардың орын алғанын анықтап, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

Сонымен қатар, БАҚ-та Астрахан облысы Тергеу комитеті мен прокуратурасының лауазымды тұлғалары жария еткен Красноярский кеден бекетінің 13 қызметкерін қылмыстық жауапкершілікке тарту және
Е. Махмутовқа (кеден бекетінің қызметкері ретінде) іздестіру жариялау туралы ақпаратын назарға ала отырып, апелляциялық сатыдағы сот азаматтық қабылдау кезінде бұзушылықтардың, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерінің бар-жоғын тексеру туралы жеке ұйғарым шығарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: