Жұрт енді өз көлігімен ел ішінде емін-еркін жүре алады

29 Мамыр 2020, 15:43
Сурет: kolesa.kz

Маусым айының басынан бастап қазақстандықтар жеке автокөлігімен қалалар мен аймақтар арасында жүре алады. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Маусым айының басынан бастап блок-бекеттер алынып тасталады, сәйкесінше облыстар мен облыс орталықтары арасындағы автомобиль қатынасы да қалпына келтіріледі, бұл тұрғындарға теміржол немесе автобус қызметін пайдаланумен қатар, өз көлік құралдарын пайдалануға да мүмкіндік береді, - деді Байғабылов ОКҚ-дағы онлайн-брифинг барысында.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов 1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталатынын мәлімдеген еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?