Жаңалықтар тізбегі
0

Бәсекеге қабілет: адамзаттың ортақ жеңісі үшін

facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 17:16 facebook
Осы орайда жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілеттілік қасиеті жалғыз адамның ғана емес, тұтас бір ұлтқа тән және тән болуы тиіс деп қаралуда.

Қазіргі замандағы бір адамның бойынан табылуы тиіс деп ашық, ғылымға жақын, гуманист сынды оң қасиеттерді атап жатады. Қазіргі қоғам үшін де осы қасиеттердің тартымды екені жасырын емес.

Осы орайда жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілеттілік қасиеті жалғыз адамның ғана емес, тұтас бір ұлтқа тән және тән болуы тиіс деп қаралуда. Бұл шынымен солай. Ғалам қарыштап дамыған сайын адамға да талап күшейіп жатқан сыңайлы. Бейқам отырып, шөп басын сындырмай жату мүмкін емес. Тіпті қазір адамды адамның өзінен бұрын техникасы "басқаратынына" не дейсіз? Жаныңызды смартфоныңыз тұрып, жәй ғана өзіңіз сөз еткен дүниелердің бір қарап қалсаңыз телефоныңыздан шыға қалатыны жасанды интелект пен техника дамуының нәтижесі емей немене? Ал әлеуметтік желілерге тұтас бір кітап арнаса да артық етпейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы қазіргі сындарлы кезеңнің бет-бейнесін анық ашып бергендей болды. Елбасы жазған бағдарламалық мақаланың негізінде 2018 жылы Ұлттық аударма бюросы әлемнің үздік деген кітаптарының біразын аударып шықты. Өте жақсы жұмыс жасалған. Жоғарыда аталып жатқан интернет әлемге қатысты Патрисия Уоллейстің "Интернет психологиясы" еңбегі қазақ тілінде сөйлегелі бері біраз оқырман кітапқа қанық болған екен. Оны kitap.kz сайты арқылы байқай аламыз. Бәрінен бұрын бәсекеге қабілеттілікке тоқталсақ. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласында бәсекеге қабілеттілік хақында "Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы-на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін", - деп жазған.

Соңғы уақытта әлем нарығында технологияның сан түрі жарық көрді. Бұған дейін азулы саналып, техникадан алдына жан салмай келе жатқан АҚШ-тың Apple компаниясы соңғы жылдары Кореяның Самсунгына, Жапонияның Сониына, Қытайдың Хуавейіне жол беріп қойғаны жасырын емес. Яғни бәсекеге қабілеттік артты, сәйкесінше сұраныс болды. Бұл аталған мемлекеттер технологияда өздерін жасады, өзіндік қолтаңбаларын қалдырды. Есесіне, белгілі бір кәсіпкердің я компанияның ғана емес, тұтас бір ұлттың имиджін үстем етті. Елбасының айтқан "сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние жасай алуын" осындай шағын мысалмен түсіндіре алуға болады. Әлемге танылған Джек Ма, Джеф Безос, Билл Гейтстар да өзіндік өнім мен креатив арқылы тек өзінің ғана емес, өз мемлекетінің бәсекеге толы жаһанда көш алдына шығуына мұрындық болды. Рас, Қазақстан бұл санатта артта қалмай, "Қазақстанда жасалған" өнімінің сапасы мен мәртебесін арттыруы тиіс әрі шетелдік аренада. Бізде тұтастай ғылым жоқ, я дамымай жатырмыз деп дабыл қағып, эфирлерде тек сөзбен ғана сурет салудың қажеті шамалы екенін бәрі ұғынар. Осы орайда "рухани жаңғыру" деген көп плакаттардың біріне жазылып, билбордтарда көзге көрініп тұру үшін жазыла я айтыла салмаған сөз екенін бәсекеге қабілеттілік арқылы ұғынсақ. Бұл бағдарламалық мақала негізінде біраз шаруа жүзеге асты.

Бәсекеге қабілеттілік тек өзінің жеке басының мерейі үстем болып, кәсібі жүруін емес, тұтас бір ұлттың нарықтық экономика қалыптасқан әлемде алға шығуын көздесе, сәйкесінше жемісін де береді. Мұнда "аяқтан шалудың" қажеті шамалы. Әркім кез келген салада мүмкіндігінше өз өнімін ұсынады. Бұған дейін біраз жерден "өзді өзіңмен бол!" деген сөйлемді жиі кездестірген боларсыз. Ақиқатында қалыпты сөз болып көрінгенімен, бұл астына қаншама мән үстейді. Қазір көшірме, плагиат, еліктеу арқылы бірдеме өндіру я жасау арқылы ешкімді таңдай қақтыру мүмкін емес. не өзіңнің колоритін, не өзің ғана трендте бола аласың. Қоғам да "ырду-дырду" мен "мақтангершіліктен", жарқ-жұрқтан шаршады, ол рас, адамдар тағдырды, әлеуметті және әлеуетті көргісі келеді. "Асус", "Леново" я "Макбуктарды" қолданып, бұл Американың, Германияның т.б өнімі деп кеуде керіп, ауыз толтырып айтамыз, өзіміз өндіріп шығаруға келгенде біраз тартыншақтайтынымыз рас. Немесе ол мемлекеттерде жағдай бар, креатив бар дейміз, бірақ кез келген алпауыт бизнестің қараңғы гараждар мен жертөлелерде басталғанын еске де алмаймыз.

Адам қай жерде де адам. Тағырлары да ұқсас. Тіпті қазіргі адам мен алғашқы қауымдық кезеңдегі адамның эмоциялық қабылдаулары өзгермегені ғылыммен дәлелденді десем сенер ме едіңіз? Расымен, технология дәуірі бәрін басып озып, тек бір ғана түймемен тапсырыс ала алатын жағдайға жетсек те, адамның табиғаты өзінің өткеніне қарай құлаш ұрып тұратынына не дерсіз? Айтпағым, біз адамдар арасындағы жарыста жүрміз.

Бәрін өзімізге бағындырғымыз келетін ниет болса да, әрдайым олай бола бермейді. Бірақ ізгі ниетке құрылған бәсекеге қабілет ол тұтас бір ұлттың ғана емес, барша адамзаттың жемісіне айналады. Дәл қазір қолданып жүрген алыстан хабар алдыратын смартфон, ноутбук т.б сынды.

Өткен ғасырларда ұлы өркениет жасаған Мысыр, Қытай, Грекияға тартылғандар саны көп болды. Мәселен, сол заманда қағаз, компас, жазуды ойлап тапқан Қытайға алыс-жақын елдерден білім алып, тілі мен мәдениетін меңгергісі келгендер көп болған. Себебі – өркениетте. Өркениет қай заманда болсын адамзаттың ортақ жеңісі болды. Соны жасап шығарғандар бәсекеге қабілетті саналып, тілі мен мәдениетін өзге ұлттарға да насихаттап, даму жолына түсіп отырды. Өркениет жасаса да қирап, тас-талқаны шығып, бірақ қайта тұрып, дегеніне жеткен елдер де қаншама. Қазір Қазақстанда тұрғындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" атты бағдарламалар даярланып, жүзеге асып жатыр.

Әр азаматтың шет тілін меңгеруі, компьютерлік сауатының болуы, мәдени ашықтық факторлары да осы ниеттен туған еді. Басты мақсат – өркениет жасау, демек білімді болу, демек алға жылжу, демек өзін өзі жасау. Біз сонау ерте замандардан-ақ өзінің ұлттық болмысымен ерекшелендік, оған тарлан тарих куә. Десе де жаңа заманның талабына сай бейімделу ұлттық болмысты жаңғыртпаса, кемітпейді. Бірақ ол енді басқа әңгіме.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: