Жаңалықтар тізбегі
0

"Армян көлігін" тіркеген Хосров Гасанов "мемлекетке рахмет" деді

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 21:39 Алматы ПД баспасөз қызметі
Қазақстандықтарға Армениядан әкелген көліктерін 2020 жылдың 1 ақпанына дейін тіркеуге мүмкіндік берілген.

Алматыда мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

47 жастағы алматылық Хосров Гасанов Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Армениядан жеткізілген көлігін тіркеп, нөмір алды.

"Мен "Хюндай Гранд Старекс" автокөлігін Армениядан 2019 жылдың қараша айында алып келдім. Содан бері оны елімізде қалай заңдастырам деп әбден уайымдадым. Қалада емін-еркін айдап жүре алмадым. Мемлекетке рахмет, бізге мүмкіндік берді. Бүгін мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келдім, мамандар 15 минуттың ішінде көлігімді тіркеп берді. Мемлекеттік баж - 11 946 теңге төледім. Енді мен заңды түрде еш кедергісіз жүре аламын. Мемлекетімізге тағы да рахмет", - деді Хосров Гасанов.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Қазақстандықтарға Армениядан әкелген көліктерін 2020 жылдың 1 ақпанына дейін тіркеуге мүмкіндік берді.

"Біріншіден, Үкімет 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Екіншіден, осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеу жүргізуге рұқсат берілді. Үшіншіден, тек сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер тіркеуге жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы - 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем - 3 473 теңге және МТНБ үшін алым - 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды. ҚР 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейді", - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: