Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында егде адамдарды тонаған қарақшылық топ мүшесі ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 00:44 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары топ мүшелерінің бұдан өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері Есік қаласының 84 жастағы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ мүшесін құрықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға биыл сәуір айында орын алған. Түн ішінде қарақшылар қариялардың үйінің есігін бұзып кіріп, егде жастағы кейуананы қорқытып, ақша талап еткен. Жымысқы ойлары іске аспаған күдіктілер отағасын соққыға жығып, қолға ілінген құнды заттарын алып, белгісіз бағытта із суытқан.

"Полицияға арыз берген зардап шегушілер үй мүлкінің ұрланғанын хабарлаған. Дегенмен бірнеше күннен кейін денсаулығы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген кезде қариялардың үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қайта қаралып, қарақшылық жасау дерегіне өзгертілді. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін ең тәжірибелі мамандар есебінен топ құрылды. Қылмысты ашуға бағытталған кеңауқымды іздестіру шаралары барысында із кесушілер қарақшы топ мүшелерін анықтап, олардың біреуін Түркістан облысынан ұстады", - деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Аудандық полиция басшысының айтуынша, 84 жастағы қарияның қарсылық көрсететінін есепке алмаған күдіктілер, оның кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Үй иесінің құлаған сәтіп пайдаланған олар қолға ілінген бағалы заттарды алып кеткен.

"Қылмыстың ашылатынына сенбегендіктен біз полицияға тек ұрлық болды деп хабарладық. Пышақ жарақатын жасырып, үйде есдедік. Дегенмен, бірнеше күннен кейін жолдасымның жағдайы нашарлағандықтан ауруханаға бардық және полиция қызметкерлеріне хабар берілді. Тәртіп сақшыларының біліктілігіне дән рнизамын. Қарияларға күш көрсетіп, оларды тонап, өміріне қауіп төндірген топ мүшелерін әшкереледі. Материалдық шығынымызды толығымен өтеп берді. Өзге өңірге барып жасырынған қарақшыны тапқан полицейлер өз ісінің шебері екенін дәлелдеді. Қиын сәтті моральдық көмек беріп, қылмысты ашқан тәртіп сақшыларына алғысымыз шексіз", - деді күдіктілерден зардап шеккен кейуана Сватлана Дубовецкая.

Облыстық ПД баспасөзі таратқан ақпаратқа сәйкес, 1983 жылы туған Түркістан облысының тумасы Сайрам ауданында ұсталып, қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен Еңбекшіқазақ ауданына жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тәртіп сақшылары топ мүшелерінің бұдан өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 00:44

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: