Жаңалықтар тізбегі
0

Қаптаған баспасөз бір-бірінен аумайтын материал жариялайды – Дулат Исабеков

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2020 21:51 kapital.kz
Жазушы Төлен Әбдік қазіргі басылымдарда сауатсыздық былай тұрсын, Конституцияға қарсы жариялымдар жиі кездесетінін және бұған төзуге болмайтынын атап өтті.

Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиаорталығы" ғимаратында "Қазақстандық медиа саланың даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық режимнің салдарынан селекторлық жағдайда өткен жиынға медиа сала өкілдері, Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктері ғимараттарынан, сондай-ақ Алматы қаласындағы "Қазтелерадио" кеңсесінен ғалымдар мен зиялы қауым бейнебайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Спикерлер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, "Qazaqstan" РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, Salem Social Media бас директоры Александр Аксютиц, Сүлеймен Демирел университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Мадияр Саудабаев болды. Дөңгелек үстелдің тізгіншісі ретінде белгілі журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп сөз сөйледі.

А.Балаева "кешегі төтенше жағдай кезінде қиындықтарды жеңе отырып, біздің тілшілеріміз бен мамандарымыз дәрігерлермен, полицейлермен және әскери қызметшілермен қатар өздерінің азаматтық позициясын өзгертпей, алдыңғы қатарда болып, қоғамды жедел және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етті" дей келіп, төтенше жағдай кезінде көрсеткен азаматтық ерлігі үшін барша баспасөз қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Жиын барысында министр А.Балаева дағдарыстан кейінгі кезеңдегі БАҚ-ты қолдау шараларына, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жоғары білікті кадрларды даярлауға (оның ішінде салалық журналистикада), мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қайта қалыптастыру секілді бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Д. Мыңбай нақты және дұрыс ақпаратты мол тиражбен тарату үшін ақпараттық сүзгі құру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, оның пікірінше, журналистер мен блогерлердің біліктілігін арттырып отыру үшін, ақпараттық жаңашылдықтардан қалыс қалмауға мүмкіндік беретін көп салалы тренингтер құру қажет.

"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Дәурен Қуат коронавирус індетінен қазіргі уақытта мерзімді баспасөздің ауыр дағдарысқа ұшырағанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, баспаханалардың жұмысы тоқтады, баспа өнімдерін өткізу нарығы бұғатталды, екінші жартыжылдыққа жазылу созылды, тарату (атап айтқанда, "Қазпошта") және т. б. жұмыс істемей қалды.

Баяндамадан кейін отандық БАҚ-тардың проблемалары мен перспективалары, қазақстандық журналистиканың әлсіз және күшті жақтары, оның табысты мемлекет құрудағы мақсаты мен рөлі талқыланды. Нақты сипаттағы (салалық журналистиканың сапасы, материалдардың дұрыс еместігі), сондай-ақ жаһандық (мемлекет идеологиясын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі, оның билік пен қоғам арасындағы медиаторлық қызметі және т.б.) мәселелер көтерілді.

"Мәдениет" журналының бас редакторы, жазушы Дулат Исабеков "баспасөздің саны қанша көп болғанмен, бір-бірінен аумайтын материал жариялайды" деген сын айтты.

Жазушы Төлен Әбдік қазіргі басылымдарда сауатсыздық былай тұрсын, Конституцияға қарсы жариялымдар жиі кездесетінін және бұған төзуге болмайтынын атап өтті.

Медиа менеджер Қанат Сахариянов өңірлік әкімдіктер БАҚ-та және әлеуметтік желілерде бюджет қаражаты есебінен өз жұмысын насихаттамауы тиіс екенін айтты.

Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе, А.Балаева іс-шараға қатысушылар көтерген барлық проблемалық мәселелер ескерілетінін, талданатынын және олар бойынша нақты шешімдер алгоритмі жасалатынын атап өтті.

"Жемісті жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы дөңгелек үстел дәстүрлі түрде жалғасатын болады. Біз тек ақпаратқа қатысты ғана емес, қоғамды толғандыратын басқа да мәселелерді талқылайтын боламыз", - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: