Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың Энергетика министрлігі мұнай бағасының көтерілетінін болжады

wikipedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 18:12 wikipedia.org
2021 жылы мұнай қоры күрт төмендеуі нәтижесінде бағалардың қайта көтерілуі болжануда.

АҚШ Энергетика министрлігі Brent маркалы мұнай бағасының 2020 жылға арналған болжамын 11,4% -ға, яғни бір баррелі құнының болжамын 38,02 долларға дейін көтерді, деп хабарлайды АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA).

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы осы маркадағы мұнайдың бір баррелі 47,88 долларды құрайды.

Ал WTI маркалы мұнайының бір баррелінің бағасы 2020 жылы 35,14 доллар және 2021 жылы 43,88 доллар деңгейінде болжануда.

"Артылған мұнай көп және мұнай өндірісіндегі еркіндік те алдағы айларда бағаның өсуіне жол бермейді, бірақ 2021 жылы мұнай қоры күрт төмендеуі нәтижесінде бағалардың қайта көтерілуі болжануда", - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: