Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында құз жартасқа шығып алған жасөспірімдерді құтқару операциясы аяқталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 21:03 видеодан алынды
Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен табылып, ол жерге түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Түркістан облысының Төлеби ауданында жоғалған балалар биік тауға шығып алып, түсе алмай қалған. Үшеудің екеуі ақыры жерге аман-есен түсірілді, ал біреуі, өкінішке қарай мерт болған, деп хабарлайды zakon.kz.

16 маусымда сағат 14-00-де екі жасөспірімді құтқарушылар таудан түсірді. Құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен табылып, ол жерге түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, алған ешқандай жарақаттары жоқ.

Екінші жасөспірімді сағат 12.50-де құтқарушылар 50 метр биіктікке арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көтеріп алды. Одан кейін олар таудың соқпақ жолымен жаяу төменге түсті.

Іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 33 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Олар -Шымкент ТЖД жедел тобы (7 жұмысшы және 2 техника), Түркістан облыстық ТЖ басқармасы (10 қызметкер және 3 техника), жедел медициналық бригада (5 қызметкер және 1 техника), полиция бөлімі (11 адам және 5 дана жабдық) қызметкерлері мен техникасы.

15 маусымда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Бұрғылық ауылынан 5 шақырымдағы демалыс орнынан тауға шыққан топ оқушылар арасынан үшеуі тауда адасып, жоғалып кетті. 16 маусымға қараған түні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-іздестіру тобы жартастан құлап, мерт болған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: