Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Лукашенконың сайлауына араласпаймыз – Кремль өкілі Песков

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызға белгіленді. Елді 1994 жылдан бері билеп келе жатқан Александр Лукашенко алтыншы мәрте сайлауға түскелі жатыр.

Сурет : dialog.ua26 Маусым 2020, 11:35

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Беларусь басшысы Александр Лукашенконың Кремль сайлауға араласып жатыр деген пікірін теріске шығарды.

Песков мұндай айып таққан тарап алдымен аргумент келтіру керектігін, бірақ бұл оларда жоқ екенін айтты, деп жазады centralasian.org.

"Бұл бойынша тергеу жүргізу мәселесіне келсек, құдайға шүкір, Вашингтонда тұрмаймыз", – деді ол.

Бейсенбіде Беларусь президенті Лукашенко елдің ішкі ісіне және сайлауға Ресей мен Польшаның араласып жатқанын мәлімдеген. Ол нақты дәлел келтірмеді. "Қазіргі беларусь билігінің оппоненттері таза сайлау өткізуді талап етіп, бірақ өздері таза емес жолда жүр" деп айтқан. Лукашенконың пікірінше, оппозицияшыл талапкерлер әлдекімдердің "қуыршағы".

Беларусь басшысы Ресей құрылымдары тарапынан Телеграм каналы арқылы "үрей туғызатын фейктер" таратып жатқанын айтып шағымданған. Лукашенко таяу күндері сайлауға араласу мәселесін Владимир Путинмен кездесу кезінде талқылайтынын айтқан.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызға белгіленді. Елді 1994 жылдан бері билеп келе жатқан Александр Лукашенко алтыншы мәрте сайлауға түскелі жатыр.

18 маусымда оның негізгі бәсекелесі "Белгазпромбанктің" бұрынғы басшысы Виктор Бабарико қамауға алынды. Лукашенко оны қамау арқылы "Беларусьтағы Майданға бөгет қойғанын" мәлімдеді. Бұл халық наразылығын одан сайын көтерді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер