Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қытайдың 4 азаматына рұқсат қағазды заңсыз алып беремін деген Тоқтамұратұлы сотталды

Ол алаяқтық жолмен шетелдіктердің 80 мың теңгесін иемденген.

Сурет : mail.kz26 Маусым 2020, 16:46

Қазақстан азаматы алаяқтық және ҚХР-дың төрт азаматына уақытша тұруға рұқсат беретін қағаз (вид на жительства) алу үшін пара беруге итермеледі деген айыппен сотталды, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-бөлімінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, А. Тоқтамұратұлы үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Биғайдаров.

Оның сөзіне қарағанда, ол Қытай Халық Республикасының төрт азаматынан Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат қағаз беру үшін шенеуніктерге пара ретінде беремін деген сылтаумен 80 мың теңгені алаяқтық жолмен иеленді деген күдікке ілінді.

- 11 маусымда Алматы облысы Ескелді аудандық сотының үкімімен Тоұтамұратұлы 300 АЕК көлемінде, яғни 800 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп сөзін қорытындылады тергеуші.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер