Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жаңғызтөбе стансасының бастығы екі жылға сотталды

Ол алаяқтығы үшін және қол астындағы қызметкерін жұмыстан шығармас үшін 200 мың теңге пара беруге итермеледі деген айыппен сотталды.

Сурет : ehonews.kz26 Маусым 2020, 17:01

Шығыс Қазақстан облысы Жаңғызтөбе стансасының бастығы сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол алаяқтығы үшін және қол астындағы қызметкерін жұмыстан шығармас үшін 200 мың теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айыппен сотталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-тың Семей филиалындағы Жаңғыстөбе стансасының бастығы Исмурзин К.И.-ге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28 бабы, 4-тармағы, 367-бабы, 2-тармағы (шенеуніктерге пара беру) және 190 баптың 3-тармағы (алаяқтық) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Исмурзин қол астындағы қызметкері - теміржол стансасының кезекшісі Е.К.Есенбаевты Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларына өзінің жұмыстан босату туралы қарап жатқан мәселеде оң шешім шығару үшін 200 000 теңге көлемінде қолма-қол ақша түрінде пара беруге итермеледі, делінген хабарламада.

22 маусымда Семей қалалық №2 соттың үкімімен Исмурзин 2 жылға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер