Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан 7 волонтер БҰҰ-ға жұмыс істеуге жіберілмек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 17:38 zakon.kz
Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлар мен ең жақсы бастамалар "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталып, ынталандырылатын болады.

Қазақстан волонтерларын БҰҰ-ға жұмыс істеуге жіберу жоспарда бар, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен тиісті заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, оның аясында адамдарды волонтерлық қызметке қатысуға ынталандырудың практикалық тетіктері әзірленеді. Сонымен қатар, биыл 7 қазақстандықты волонтер ретінде БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеуге жіберу жоспарланған. Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлар мен ең жақсы бастамалар "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталып, ынталандырылатын болады, - деді Балаева.

Ол Мемлекет басшысының биылғы жылды "Волонтерлар жылы" деп жариялау туралы бастамасы волонтерлар қозғалысының дамуына үлкен серпін бергенін еске салды. Оның айтуынша, Республикалық "Birgemiz" фронт-офисінің қолдауымен волонтерлік штаб құрылып, "сенім телефондар" желісі ашылды, халықтың әлеуметтік осал топтарына 40 мыңға жуық волонтер көмек көрсетті.

- Нәтижесінде, елдегі төтенше жағдай кезінде қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Бұл - соғыс және еңбек ардагерлері, жалғыз басты қарттар, көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: