Жаңалықтар тізбегі
0

БАҚ-тар да коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қолдауға ие болды

SecurityLab, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 18:07 SecurityLab
Сонымен қатар коммерциялық теледидарлар мен радиоарналарды аналогтық және жер үсті сандық хабар тарату қызметтері үшін алынатын төлемдерден 2020 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында босатылады.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева коронавирус инфекциясына байланысты жарияланған пандемия кезеңінде отандық БАҚқа көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, пандемия салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары да үлкен экономикалық қиындықтарға тап болып отыр.

- Дағдарысқа қарсы шаралар аясында ҚР Парламенті 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардан және жалақыдан ұсталатын міндетті аударымдардан босатуды қарастыратын түзетулері мен өзгерістері бар заң жобасын мақұлдады, - деді Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, Мәжіліс коммерциялық теледидарлар мен радиоарналарды аналогтық және жер үсті сандық хабар тарату қызметтері үшін алынатын төлемдерден 2020 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында босатуды қарастыратын заң жобасын қабылдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: