Жаңалықтар тізбегі
0

Президент әкімдерге не үшін сөгіс жариялағанын айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 23:58 Ақорда
Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланысты әлдеқашан үзген. Олар көптің шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан көпшілік қайда бару керектігін білмейді - Президент.

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық жұмыстар коронавируспен күресте маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бірақ қазір ол нашар жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, көп нәрсе жұртты уақтылы ақпараттандыруға және тиісті шараларды қабылдауға байланысты.

- Бастапқы кезеңде бұл жұмыс жақсы ұйымдастырылды. Бірақ соңғы кездері мемлекеттік органдар бұл бағыттағы жұмысты ойсыратып алды. Үш ай бұрын арнайы құрылған Коронавирус бойынша республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан жоқ. Ал бүгінде бірізді, нақты бір де бір ақпарат жоқ. Вируспен күреске жауаптылар жалған ақпарат беріп, халықты адастыруда. Ең жаманы осы болып тұр. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланысты әлдеқашан үзген. Олар көптің шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан көпшілік қайда бару керектігін білмейді, - деді Президент.

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікке сөгіс жариялағанын хабарлаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: