Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да аурухана директоры облыстық денсаулық сақтау басқармасымен соттаспақшы

Мой город, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 23:35 Мой город
Жұмыстан шығып қалған дәрігердің айтуынша, оның бар кінәсі - басшылықтан көмек сұрап, көпсалалы аурухана ашуды өтінуі.

БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханасының директоры жұмыстан шығарылуына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа бермекші, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, Надия Ахметова 29 маусымда қызметінен босатылған. Шамамен екі апта бұрын облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен сөзге келіп қалғаннан кейін қызметінен кету туралы арыз жазғаны белгілі болды. Сол кезде бас дәрігер жанжалдың шығуына ауыр халде келіп түсіп жатқан науқастардың көбеюіне байланысты басшылықтан көмек сұрап, жақсы жабдықталған көпсалалы ауруханалар ашуды талап еткендігі себеп болғанын айтты.

Алайда БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюпов олардың арасында ешқандай жанжал болмағанын және Надия Ахметова өз еркімен қызметінен кетуге арыз жазғанын мәлімдеді. Кейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері өз басшысын қорғап, Болатбек Каюповтан Надия Ахметованы бұрынғы қызметіне қайтаруды сұрады. Ресми хатқа аурухананың 18 қызметкері қол қойды. Бұл жолы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Надия Ахметованың ресми түрде ауруына байланысты демалыс алғанын айтты.

"Алдымен жұмысқа шықсын, сосын сөйлесеміз", - деді Болатбек Каюпов.

Алайда 29 маусымда жұқпалы аурулар ауруханасының директоры жұмыстан босатылатыны белгілі болды.

- Бүгін мен ауруыма байланысты алған демалыстан кейін жұмысыма оралдым, кадр бөлімінің бастығы маған қоңырау шалып, жұмыстан босатылғанымды айтты. 24 маусымда мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алдында қызметімнен босату туралы өтінішімнің күшін жою туралы ресми хат жолдағанмын, - деді Надия Ахметова.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 16 маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова денсаулық сақтау басқармасы басшысы атына жұмыстан өз еркімен босатуын сұрап, өтініш жазғанын хабарлады.

- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкер еңбек шартын бұзған кезде өзінің бастамасы бойынша жұмыс берушіні бұл туралы 1 ай бұрын хабардар етуге міндетті. Осы мерзім ішінде Ахметова өтінішін кері қайтарып алу туралы өтініш бермеген. 15-28 маусым аралығында ол толтырылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес еңбек демалысында болды. 29 маусымда жұмысқа шыққаннан кейін Надия Ахметованың өз бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарылды, деп хабарлады басқармадағылар.

Енді Надия Ахметова сотқа жүгінуге ниетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: